Алматыда студенттер есірткі қылмысының жолын кесуге ат салысып, арнайы марапатқа ие болды

Марапат, Алматы, студенттер, есірткі, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2026 17:23 Сурет: polisia.kz
Алатау аудандық полиция басқармасының басшылығы қырағылық танытып, белсенді азаматтық ұстаным көрсеткен екі студентті марапаттады. Олардың жедел әрі жауапты әрекетінің нәтижесінде заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмыстың жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, жеке тасымалмен айналысып жүрген жастар такси қызметін пайдаланған жолаушының күмәнді әрі заңға қайшы әрекеттерін байқайды. Клиенттің мінез-құлқына күдік туындаған сәттен бастап олар бейжай қалмай, оның қылмыстық әрекеттерін іс жүзінде тоқтатып, дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері есірткі заттарын "жасырын қойма" тәсілімен заңсыз таратумен айналысқан күдіктіні ұстады. Заңсыз айналымнан тыйым салынған заттар тәркіленді. Көрсеткен батылдығы, принципшілдігі және құқық қорғау органдарына көрсеткен көмегі үшін студенттер салтанатты жағдайда алғысқа ие болды.

"Бұл жастардың іс-әрекеті – қала қауіпсіздігі әр азаматтың бейжай қалмауынан басталатынын айқын көрсететін жарқын үлгі. Олар қорықпай, дұрыс шешім қабылдап, полицияға дер кезінде хабар берді. Осындай азаматтық ұстаным бізге есірткі қылмысына қарсы күресте тиімді жұмыс істеуге және жастардың болашағын қорғауға мүмкіндік береді. Оларға алғысымды білдіремін және барлық тұрғындарды қырағы болуға, заңсыздыққа бейжай қарамауға шақырамын", – деді өз сөзінде Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Бұған дейін Семейде колония аумағына есірткі лақтырмақ болған азаматтың сотталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: