Атырауда қателесіп, тұтқындағы басқа адам босатылған

Сурет: pixabay
Атырауда қателесіп, тұтқындағы басқа адам босатылған. Осы оқиғадан кейін қызметкерлер жазаланып, сотталған адам түзеу мекемесіне қайта тоғытылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, 2025 жылдың тамызында елеулі кемшілікке жол берілген. Сотталғандардың бірі мекеме аумағын тастап шыққан, өйткені ол қателесіп басқа адамның орнына босатылған.

"Құжаттарды рәсімдеу кезінде шатасу болды: бостандыққа шығуы тиіс адам түрмеде сол күйі қалып, оның орнына басқасы азат болған. Қате анықталғаннан кейін ер адам ұсталып, мекемеге кері қайтарылды", делінген департамент ақпаратында.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, алайда тергеу нәтижелері бойынша ол қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Сонымен қатар бұл жайт ішкі тәртіпті қайта қарауға алып келді. Бұзушылыққа жол берген қызметкерлер жұмысынан босатылуға дейінгі жазаны қарастыратын қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ведомство сотталған адамның жеке басы, оның бостандықта болу мерзімі, сондай-ақ жазасын өтеу бабы туралы мәліметтер жария етуге жатпайтынын нақтылады.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды