Полиция алматылық жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады

Сурет: видеодан алынды
Алматыда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың жол үстінде қаза табуына жол бермеу мақсатында полиция көше-жол желісінің аса қауіпті учаскелерінде нысаналы рейдтік іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Профилактикалық жұмысты күшейтуге өткен аптада қаланың базарларының біріне жақын маңда орын алған қайғылы жағдай себеп болды. Аталған оқиға кезінде жасы үлкен ер адам жолдың белгіленбеген тұсынан өтпек болып, жүк көлігінің астында қалып, қаза тапқан, деп хабарлайды ҚР ІІМ.

"Рейдтер барысында полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалану, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды және ауыр жүк көліктері жүретін аумақтарда жол жағдайын алдын ала бағалаудың маңыздылығына назар аударуда", делінген полиция хабарламасында.

Полиция профилактикалық іс-шаралардың жалғасатынын атап өтті. Ерекше назар адамдар көп шоғырланатын орындарға, жабайы өткелдерге және бұрын жаяу жүргіншілерді қағып кету деректері тіркелген учаскелерге аударылуда. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды