Полиция қар жаууына байланысты алматылық жүргізушілерге жүгініп, мәлімдеме жасады

Сурет: pexels
Қалың қардың жаууына және жол жағдайының күрделенуіне байланысты Алматы қаласының полициясы жүргізушілерді жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ көлік құралдарын дұрыс қою ережелерін ұстануға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары қазіргі таңда көлік құралдарын дұрыс тоқтатпау және қою, әсіресе қыс мезгілінде жиі тіркелетін құқық бұзушылықтардың бірі болып табылатынын еске салады. Жол жиегінде немесе аулаларда бей-берекет қалдырылған автокөліктер қар тазалау жұмыстарына кедергі келтіріп, көлік қозғалысын қиындатады әрі жол қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

"Қар жауған кезеңде әрбір жүргізушінің жауапкершілігі арта түседі. Дұрыс қойылмаған автокөлік қаланы тазалау жұмыстарына ғана емес, сонымен қатар жедел қызметтердің кедергісіз өтуіне де тосқауыл болуы мүмкін. Сондықтан жүргізушілерді көлік қою ережелерін сақтауға және жолдағы өзара құрметті ұстануға шақырамыз", — деді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Полиция көлік құралдарын тоқтату және қою қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Бұған дейін Жетісу облысында қар мен балшыққа батқан көліктегі жолаушылар тікұшақпен эвакуацияланғаны хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін