Заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілгеннен кейін ауыл әкімдері 11 функциясынан айырылады

Сурет: pixabay
Премьер-министр Олжас Бектенов өзіне келіп түскен депутаттық сауалға жауап бере отырып, ауыл әкімдерінің функцияларына қатысты жүргізілген талдауды сөз етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, облыстық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің функцияларын кешенді талдау шеңберінде 17 кодекстің және 100-ге жуық заңның ережелері талданды.

"Оның қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімдеріне жүктелген 170-ке жуық функция анықталды. Ауылдық округ әкімдерінің қызметі, бірінші кезекте, елді мекендерді абаттандыруға, санитариялық жағдайды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді үйлестіруге бағдарланған. 2025 жылғы желтоқсанда ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен Үкімет деңгейінде бірқатар кеңестер өткізілді", делінген депутаттық сауалға берілген жауапта.

Талқылау шеңберінде ауылдық округ әкімдерінің құзыретіне жатпайтын 11 функцияны алып тастау ұсынылды, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан және пробациядағы адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жекелеген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау, денсаулық сақтау ұйымдарының стационарларында жатқан науқастарды тұрғылықты жеріне тасымалдауды ұйымдастыру және басқалары бар.

Әзірленген түзетулер ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралып жатқан "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде пысықталатын болады.

Бұған дейін президент мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ауыл әкімдерінің мәртебесін жан-жақты қарастыруды тапсырған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

ІІМ дабыл қағуда: желіде балаларға арналған шабуыл өршуде

Алматыда жылтырға оралған ер адамның денесі табылды

Әскердегі әскери-медициналық қамтамасыз ету ережелері өзгерді

Емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алу: қазақстандықтарға ескерту жасалды