Мүгедектігі бар қызметкерлерді қосымша жұмысқа тартуға бола ма

Фото: freepik
Қазақстандағы еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс беруші III топтағы мүгедектігі бар қызметкерді қосымша (сверхурочны) жұмысқа тарта алмайды, деп хабарлайды Zakon.kz, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауабына сілтеме жасап.

Министрліктің түсіндіруінше, ҚР Еңбек кодексінің 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды қосымша жұмысқа тарту тыйым салынған. Бұл норма императивтік сипатта және мүгедектік тобына немесе қызметкердің келісіміне қарамастан міндетті түрде сақталуы керек.

III топтағы мүгедектігі бар қызметкердің медициналық қорытындысы немесе қосымша жұмысқа келісімі заңда белгіленген тыйымды жоя алмайды.

Бұған дейін Еңбек министрлігінің Медико-әлеуметтік сараптама әдістемесі және жетілдіру департаментінің бас сарапшысы Римма Касымова бір газетке берген сұхбатында: "III топтағы мүгедектігі бар адамдарды қосымша немесе түнгі жұмысқа тек жазбаша келісімі болған жағдайда және денсаулығына қарсы болмаса ғана тартуға болады" – деген болатын.

Алайда министрліктің хабарлауынша, лауазымды тұлғаның сұхбаттағы түсіндірмесі нормативтік құқықтық акт емес және еңбек заңнамасының нормаларын өзгерте немесе толықтыра алмайды.

Сондықтан III топтағы мүгедектігі бар қызметкерді қосымша жұмысқа тарту еңбек заңнамасына сәйкес келмейді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін біз екі түрлі жерде жарты ставкада жұмыс істеуге бола ма деген сұраққа жауап берген едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды