Осындайда аялдамада көп тұрып қалған өскемендіктер көмекке зәру болары анық.
"Өскеменде кезекті аяз күш алып тұр, 0-11 сынып оқушыларының сабақтары онлайн тәртіпке көшті. Қала тұрғындарының аязда тоңып , үсіп қалмауы үшін қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен еріктілер жан-жақты сүзуге кірісті. Олар аялдамаларда ұзақ тұрғандарды баратын жерлеріне жеткізіп, ал бұзылған автокөлік иелеріне көлікті іске қосуға немесе итермелеуге көмектесті, сондай-ақ қақаған суықта көшеде жүргендерге ыстық шай мен бауырсақтар ұсынды", - дейді ШҚО бойынша ҚАЖД-ның ресми өкілі Салтанат Дәулетбек.
Аталған акция аяздың беті қайтқанша жалғасатыны да нақтыланады.
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылы 28 ақпанда, сенбіде еліміздің екі өңірінде қатты аяз болатынын ескертіп, өз болжамдарымен бөліскен. -41°С дейін: Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде.