Қазақстанда Германияда өндірілген дәрілік препараттың тіркеуі кері қайтарылды

Фото: freepik
Қазақстанда "Изоптин (Верапамил)" дәрілік препаратының тіркеу куәлігі кері қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы 2026 жылғы 9 ақпанда аталған дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы бұйрыққа қол қойды.

Құжатта "Изоптин (Верапамил), үлбірлі қабықпен қапталған 40 мг таблеткалары, тіркеу куәлігінің иесі — Германияның "Abbott Laboratories GmbH" компаниясы" препаратының тіркеуі қайтарылатыны көрсетілген.

Комитеттің фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасына шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы комитеттің аумақтық бөлімшелерін, дәрілік заттың тіркеу куәлігі иесін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын жазбаша түрде хабардар ету тапсырылды.

Шешімге 2026 жылғы 20 қаңтарда "Абботт Қазақстан" ЖШС-нің жолдаған өтініші негіз болған.

"Изоптин" — артериялық гипертензияны және жүрек-қан тамырлары жүйесінің кейбір ауруларын, соның ішінде стенокардия мен тахикардияны емдеуге қолданылатын дәрілік препарат.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауады: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді