Семей қаласының тұрғыны миллиондап ақша табудың жеңіл жолын "ойлап тапқан"

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Семей қаласының полиция қызметкерлері азаматтарды "тиімді инвестиция" және жылдам табыс уәдесімен алдап, олардың ақшалай қаражатын иемденген 24 жастағы жергілікті тұрғынды әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталғандай, 2025 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығында күдікті өзін сенімді тұлға ретінде таныстырып, тұрғындардың сеніміне кірген. Ол жоғары табысқа кепілдік беретін тиімді инвестициялық ұсыныстар бар екенін айтып, азаматтарды қаржы салуға үгіттеген. Осылайша жәбірленушілердің сенімін теріс пайдаланып, алдау жолымен олардың қаражатын иемденген.

"Тергеу барысында күдіктінің заңсыз әрекеттерінен Семей қаласының үш тұрғыны зардап шеккені белгілі болды. Атап айтқанда 20 жастағы азамат қаражатын көбейтуге сеніп, 715 мың теңгесінен айырылған. Тағы бір 21 жастағы жәбірленуші пайда табамын деген үмітпен күдіктіге 2 617 мың теңге берген. Сонымен қатар 63 жастағы қала тұрғыны да алаяқтықтың құрбаны болып, 220 мың теңгесінен айырылған. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады. Анықталғандай, ол азаматтардан алынған ақшалай қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған. Осыған байланысты қаражат тәркіленбеген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс алаяқтық бабы бойынша сараланды. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды". Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция азаматтарды күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырады. Әсіресе, жылдам әрі оңай табысқа кепілдік беретін ұсыныстарға сенбей, қаражат салмас бұрын олардың заңдылығы мен сенімділігін мұқият тексеру қажет екенін ескертеді.

Бұған дейін Семейде "мембағдарламаға іліктіруші" күдікті алаяқтар қолға түскенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды