Семейде "мембағдарламаға іліктіруші" күдікті алаяқтар қолға түсті

Пәтер, мемлекеттік бағдарлама, Семей, алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2026 17:23 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Семей қаласында полиция мемлекеттен заңсыз жолмен тұрғын үй алып беруді уәде етумен байланысты ірі көлемдегі алаяқтық фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың 36 жастағы тұрғыны тамыз айында 56 жастағы әйел мен оның 59 жастағы жұбайының банктік шотына 5 миллион теңге аударғанын айтып, полицияға арызданған. Ерлі-зайыптылар жәбірленушіге кезексіз, мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беру бойынша "мәселені шешіп береміз" деп уәде еткен.

"Алайда уәде орындалмаған, аударылған қаражат жәбірленушіге қайтарылмаған. Аталған дерек бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілерден келу туралы міндеттеме алынған. Полиция мемлекеттік тұрғын үй, әлеуметтік төлемдер немесе жеңілдіктер мәселесін заңсыз жолмен шешіп беру туралы ұсыныстар — қылмыстық жауапкершілікке апаратын тікелей жол екенін ескертеді. Делдалдарға сенбеңіздер және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіздер".Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Бас прокуратура интернет-алаяқтар белсенділік танытып жатқанын айтып, дабыл қаққан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: