Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде кабель ұрлап, сатып жіберген күдікті қолға түсті

Семейде кабель ұрлап, сатып жіберген күдікті қолға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 17:31 Сурет: Zakon.kz
Семей қаласында жедел қызметкерлермен кабельдерді ұрлап, түсті металдар қабылдау пункттеріне тапсырған облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жаңа облыстың бас қаласы – Семей қаласын абаттандыру мақсатында сыртқы келбетін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

13 шілдеде мердігерлер қаланың жерасты өткелдерінің бірінде жарықтандыру жұмыстарын аяқтады. Алайда бір күн өтпестен қарақшылар жер асты өткелінен жарықтандыру құрылғылары мен электр сымдарын ұрлап әкеткен.

Ренжіген тұрғындар бұл жағдайды әлеуметтік желілерге жариялап, наразылықтар туып жатты. Полицейлер бір ай көлемінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның барысында сол кезде кабель ұрлығының 4 дерегіне қатысы бар күдіктіні анықталды.

Оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталған азамат "Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нен басқа жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тағы бірнешеуіне залал келтірген. Шығын көлемі 1 млн теңгеден асады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: