Тараздық әйелді пышақпен қорқытып, қарақшылық жасаған күдікті қолға түсті

102 операторының пультіне облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйел сағат 14:30 шамасында белгісіз адам оның үйіне кіріп, пышақпен қорқытып, жалпы сомасы 700 мың теңге тұратын алтын әшекейлерді ашық түрде ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы жергілікті тұрғынды ізін суытпай анықтап, ұстады.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай дәлелдемелер алынды.
Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript