Алматыда жалға алынған тұрғын үйден жасырын фитозертхана анықталды

Сурет: polisia.kz
Алматы қаласында жалға алынған тұрғын үйде каннабис тобына жататын өсімдіктерді өсіруге арналған жарықтандыру және желдету жүйесімен жабдықталған арнайы термопалаткалар орнатылғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту барысында есірткісі бар өсімдік бұталары, кептірілген өсімдік тектес зат, тұқымдар, электронды таразылар, орауға арналған материалдары, кептіру және өсіру құрал-жабдықтары, сондай-ақ ұлттық және шетел валютасындағы ақша қаражаты тәркіленді.

Заңсыз өндірісті ұйымдастырды деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сот сараптамалары тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев мұндай деректерді анықтау жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

"Біз есірткіні заңсыз өсіру мен таратудың барлық арналарын жүйелі түрде анықтап, жолын кесеміз. Құрамында есірткісі бар заттарды өндіруге бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігі мен жастарды қорғау мәселесі", – деді ол.

Полиция өкілдері мегаполисте есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар жүйелі негізде жалғасып жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Шымкентте заңсыз есірткі жарнамасын таратқан күдікті қамауға алынғаны хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады