Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы, Кентау қаласында 2010 жылы туған Сүлеймен Дамир Қанатұлы жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 9 наурызда үйінен шығып, қайта кері оралмаған.

Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе "102" арнасына хабарлауды сұрайды.

Тәртіп сақшылары кез келген ақпараттың маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бірлесіп әрекет етуге шақырады.

Бұған дейін Түркістан облысында суға батып кеткен сегіз жастағы бала табылмай жатқаны хабарланған.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр