Төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және ЭЦҚ: Азаматтарға арналған үкімет мәлімдеме жасады

Сурет: Instagram/gov4c.kz
Бүгін, 2026 жылғы 3 сәуірде "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және ЭЦҚ бойынша пайдалы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік корпорация әрқайсымыз кем дегенде бір рет құжатты шұғыл жаңарту қажет болған жағдайға тап болатынымызды ескертіп, осындай жағдайлардың алдын алу үшін қажетті ақпаратты жинақтағандарын жеткіздерді:

Жеке куәлік

Жарамдылық мерзімі - 10 жыл.

Мерзімі аяқталған жағдайда, аты-жөні, азаматтығы өзгергенде, жоғалғанда, бүлінгенде немесе жеке өтініш бойынша ауыстырылады.

Төлқұжат

Жарамдылық мерзімі - 10 жыл (ересектер үшін), балалар үшін - 5 жыл.

Мерзімі аяқталған кезде, деректері өзгергенде, бүлінгенде, жоғалғанда немесе жеке өтініш бойынша ауыстырылады.

Жүргізуші куәлігі

Жарамдылық мерзімі - 10 жыл.

Мерзімі аяқталғанда, жеке деректері өзгергенде, бүлінгенде, жоғалғанда немесе жеке өтініш бойынша ауыстырылады.

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)

Жарамдылық мерзімі - 1 жыл.

Жыл сайын жаңартуды қажет етеді.

Бұған дейін мемлекеттік қызметке қабылдау 1 сәуірден бастап толық онлайн форматқа көшірілетіні хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу ұсынылды

Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес – сарапшылар дабыл қағуда

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Павлодарда балық аулау дүкені өртеніп, 16 адам эвакуацияланды

Ресейде бес жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінген әйел кінәсін толық мойындады