Мемлекеттік қызметке қабылдау 1 сәуірден бастап толық онлайн форматқа көшеді

Государственная служба, госслужба, госслужащий, госслужащие, государственный аппарат, госаппарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2026 09:15 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы "Әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығының жекелеген тармақтары күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа жүйе іріктеу процесін толық автоматтандырып, конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер eqyzmet.gov.kz порталы арқылы онлайн өтінім береді.

Конкурсқа қатыспас бұрын кандидаттар заңнаманы білу бойынша тестілеуден, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалау кезеңінен өтеді. Заңнама бойынша тестке ҚР Конституциясы, "Мемлекеттік қызмет туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдар, сондай-ақ Әдеп кодексі кіреді.

55 сұрақтан тұратын тестте кемінде 30 дұрыс жауап және әрбір нормативтік акт бойынша кемінде 5 дұрыс жауап жинау қажет.

Жеке қасиеттерді бағалау үш бағдарлама бойынша жүргізіледі:

  • басшылық лауазымдар үшін (10 құзырет);
  • басшылық емес лауазымдар үшін (7 құзырет);
  • жұмыс өтілі талап етілмейтін бастапқы лауазымдар үшін (эмоционалдық, әлеуметтік және логикалық қабілеттер бағаланады).

Тестілеу нәтижелері бір жыл бойы жарамды. Кандидаттар жеке қасиеттерді бағалау тестін айына үш ретке дейін тапсыра алады.

Конкурсқа ең жоғары балл жинаған алғашқы 5 үміткер жіберіледі. Құжаттар жеке кабинет арқылы тапсырылады.

Басшылық лауазымдарға үміткерлер эссе жазып, бейнебайланыс арқылы әңгімелесуден өтеді. Басқа лауазымдарға үміткерлер практикалық тапсырмалар орындайды (аналитикалық жазба дайындау, ресми хат жазу, өтініштерді қарау).

Жүйе барлық нәтижелерді автоматты түрде есептейді. Ең көп балл жинаған кандидат жеңімпаз деп танылады. Балл тең болған жағдайда еңбек өтілі мен білім деңгейі ескеріледі.

Жалпы конкурс кезеңдерінің (әңгімелесуден басқа) ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін сынақтарды бақылаудың автоматтандырылған прокторинг жүйесі қолданылады.

Агенттіктің мәліметінше, жаңа тәртіпке сәйкес конкурстық рәсімдердің мерзімі айтарлықтай қысқарып, орта есеппен 5–7 жұмыс күнін құрайды (бұрын 23–30 күн болған).

Жаңартылған жүйе мемлекеттік қызметке кіру процесін жеңілдетіп, оның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ кәсіби кадрларды тартуға ықпал етеді.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген, ал аталған нормалар 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: