Мемлекеттік қызметке орналасу: ережеге түзетулер енгізілді

Госслужба, портфель, дипломат, государственная служба, госслужащие , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 14:09 Фото: pixabay
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 2025 жылғы 23 сәуірдегі бұйрықпен мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, интеграцияланған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеу мен өткізудің уақытша қағидаларында мынадай тармақ жаңартылды:

Үміткердің мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүйемен азаматтардың денсаулығын қорғау және қадағалау саласындағы стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның және құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен ақпарат сұратылады.

Үміткер Заңның 16-бабының 3, 3-1 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда іріктеудің кез-келген кезеңінен шығарылады.

Ережеде бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу қағидаларында уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісуден бас тартуға негіз болып табылады:

  • кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) және (немесе) мінез-құлқына қоғам тарапынан негізделген сынның аудио, видео немесе өзге де материалдармен расталған теріс жарияланымдардың болуы;
  • мемлекеттік қызметшінің өткен (соңғы) тоқсандағы қызметінің қанағаттанарлықсыз бағалануы;
  • қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуы;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қозғалған істің болуы;
  • кандидатта алынбаған тәртіптік жазаның немесе кандидатқа қатысты тоқтатылмаған тәртіптік істің болуы;
  • Заңның 16-бабының 3 және 3-1-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкес келмеуі

Бұйрық 2025 жылғы 30 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: