Мыңдаған баланың жеке мәліметтері желіде тараған: Ақмола облысының мектептері жазаланды

Сурет: pixabay
Зеренді ауданының прокуратурасы интернет-платформаларға жүргізілген мониторинг барысында анықталған мектеп оқушыларының дербес деректерін заңсыз тарату фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, білім беру ұйымдарының қызметкерлері кәмелетке толмағандар туралы мәліметтерді ашық әрі қолжетімді алаңға орналастыруға жол берген, бұл қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келеді және олардың конституциялық құқықтарын бұзады.

"Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылып, дербес деректерге қолжетімділік шектелді. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2294 кәмелетке толмағанның конституциялық құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды". Ақмола облысының прокуратурасы

Бұған дейін Астанада прокуратураның араласуынан кейін бас санитарлық дәрігердің қызылшаға шалдыққан балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу туралы қаулысына өзгерістер енгізілгені хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді