Тәртіп сақшылары алаяқтықтың жаңа схемалары пайда болғанын ескертті

Сурет: freepik
Соңғы уақытта егде жастағы азаматтар алаяқтардың құрбанына жиі айналуда. Қаскөйлер өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен азаматтардың ақшасы мен жеке мәліметтеріне қол жеткізуге тырысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары қазіргі кезде ең көп таралған бірнеше алаяқтық тәсілдерді атады: 

Біріншіден, алаяқтар банк шотынан ақша ұрланғалы жатқанын айтып, қаражатты шұғыл түрде "қауіпсіз шотқа" аударуға көндіреді. Ол үшін сілтемелер жіберіп немесе арнайы қосымша орнатуды сұрайды.

Екіншіден, "қауіпсіздік жүйесін жаңарту" деген сылтаумен белгісіз бағдарламаларды жүктеуді ұсынады. Мұндай қосымшалар орнатылғаннан кейін алаяқтар банк деректеріне толық қол жеткізе алады.

Кей жағдайларда қаскөйлер өздерін коммуналдық қызмет немесе зейнетақы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырып, төлемдерді қайта есептеу немесе есептегіштерді тексеру сылтауымен SMS-кодтар мен жеке мәліметтерді сұрайды.

Сонымен қатар алаяқтар эмоцияға қысым жасау тәсілін де қолданады. Олар туысыңыз қиын жағдайға тап болғанын айтып, шұғыл ақша аударуды талап етеді.

Бұдан бөлек, қазіргі технологияларды пайдаланып, жақын адамның дауысын немесе бейнесін қолдан жасап, сенімге кіруге тырысады. Мұндай жағдайда ақпаратты міндетті түрде қайта тексеру қажет.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды:

Бұған дейін әлеуметтік желіде ҰБТ-ға қатысты тарап жатқан жалған ақпаратқа қатысты Ұлттық тестілеу орталығы маңызды мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін