Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға құжат рәсімдеу ережелері өзгерді

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 15 мамырдағы Ішкі істер министрінің бұйрығымен "Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, көші-қон саласындағы уәкілетті орган қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға, "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым операторына және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығына жолдайтыны нақтыланды.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар қызмет көрсетушіге өтініш-сауалнаманы қажетті құжаттармен бірге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы немесе портал арқылы тапсырады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда өтініш-сауалнама электрондық түрде толтырылады, құжаттардың электрондық көшірмелері қоса тіркеледі және олар қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі қажет:

Мемлекеттік корпорация арқылы, қызмет алушы жеке өзі жүгінген кезде (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін – олардың заңды өкілдері, яғни ата-аналары, қамқоршылары немесе қорғаншылары): ата-аналар, қамқоршылар немесе қорғаншылар өкілдік ету өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынады;

Егер келісімге қол жеткізілмесе, кетуші тұлға: алимент мөлшерін нақты ақшалай сомада белгілеу туралы; алиментті біржолғы төлеммен төлеу туралы; мүлікті алимент есебіне беру туралы; алиментті өзге тәсілмен төлеу туралы немесе кетуге заңмен кедергі жоқ екенін анықтау туралы сот шешімін ұсынады.

Алимент алушы отбасы мүшелеріне мыналар жатады:

Сондай-ақ мына құжаттар қажет:

Портал арқылы:

Қазақстан аумағындағы тұрақты тіркеуден шығу үшін қызмет алушы хабарлама алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация қызметкеріне:

Егер жоғарыда аталған тұлғалардың Қазақстан аумағында тіркелгені туралы мәлімет болмаса, ТМЖ-ға кетуге өтініш білдірген азамат олардың ел аумағында тіркелгенін анықтау үшін ішкі істер органдарына жүгінеді.

Сонымен қатар Қазақстан аумағында тұрақты тіркеуі бар, Қазақстан азаматтығынан шыққан немесе азаматтығын жоғалтқан адамдар республикадан тыс жерге ТМЖ-ға кетуге арналған құжаттарды Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ретінде тіркелгеннен кейін рәсімдейді.

Қызмет алушы барлық құжаттарды толық тапсырған жағдайда, қызмет көрсетуші органның қызметкері барлық құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса тіркей отырып, мәліметтерді ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің цифрлық жүйесіне енгізеді.

Қызметкер бір жұмыс күні ішінде құжаттарды қарап, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздердің жоқтығын тексереді және келісу үшін сұрау салуларды: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелеріне; ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне; Әділет министрлігіне; Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне; Қорғаныс министрлігіне жібереді.

Материалдарды келісу уәкілетті органдармен көші-қон жүйесі арқылы электронды түрде он жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Егер интеграция болмаса, қағаз жүзінде жүзеге асырылады.

Құжаттар пакеті қабылданған сәттен бастап бір күн ішінде іс материалдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің Көші-қон қызметі басқармасына жолданады.

Көші-қон қызметі басқармасының жауапты қызметкері деректердің жүйеге дұрыс әрі уақытылы енгізілгенін тексереді. Кейін уәкілетті органдардың жауаптары негізінде рұқсат беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы келісімді растайды.

Келісу нәтижелері бойынша қызметкер бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге құжаттарды рәсімдеу туралы шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама дайындайды және сол күні жүйеге енгізеді.

Егер қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданса, қызмет көрсетуші алдын ала шешімді жібереді немесе өтініш иесінің өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдау өтетін уақыт пен орынды хабарлайды.

Алдын ала бас тарту шешімі немесе тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама берілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

Тыңдау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі беріледі.

Қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде өтініш иесіне құжаттарының түпнұсқалары мен дәлелді бас тарту хабарламасы қайтарылады.

Оң шешім қабылданған кезде қызметкер көші-қон жүйесі арқылы әскери есептен шығару үшін жергілікті әскери басқару органына хабарлама жібереді. Әскери орган бір жұмыс күні ішінде сұрауды қарап, әскери есептен шығарылғаны туралы хабарлама жолдайды.

Осыдан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығының интеграциялық цифрлық жүйесі қызмет алушыны және оның балаларын (бар болса) әскери есептен шығару және Қазақстан аумағындағы тұрақты тіркеуден шығару үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгіну қажеттігі туралы хабарлама қалыптастырады.

Хабарлама алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қызмет алушы Мемлекеттік корпорацияға барып: жеке куәлігін; Қазақстандағы шетелдіктің тұруға ықтиярхатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін тапсырады.

Құжат тапсырылғаны расталғаннан кейін қызмет көрсетуші сол күні тұрақты тіркеуден шығарады және ТМЖ-ға кетуге құжаттарды рәсімдеу туралы шешімді қызмет алушыға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкіліне береді.

Портал арқылы жүгінген жағдайда шешім ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түрінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

Сонымен қатар қызмет көрсетуші мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері туралы мәліметтерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген