Мүгедектігі бар адамдарды компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі өзгерді

Инвалидность, инвалид, люди с ограниченными возможностями, человек с ограниченными возможностями, человек с особыми потребностями, люди с особыми потребностями, пандус, инвалидная коляска, инвалидное кресло, инвалидные коляски, инвалидные кресла, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 15:25 Фото: akorda.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына бірқатар толықтыру енгізілді.

Енді өтініште немесе құжаттарда қателер мен дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны талаптарға сәйкес келмеген немесе құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері немесе қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімдерінің маманы өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тоқтатылғаны туралы хабарлама жібереді.

Бұл ретте ұсынылған құжаттар, оның ішінде түпнұсқалар да, Мемлекеттік корпорация қызметкері немесе қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімдерінің маманы тарапынан сақтауға қабылданбай, өтініш берушіге қайтарылады. Бұған веб-портал және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған құжаттар кірмейді.

Қайта құжаттар анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін қызмет көрсету мерзімі шегінде ұсынылады.

Анықталған кемшіліктерді жоюға екі жұмыс күні беріледі. Бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

Кемшіліктер жойылған жағдайда өтініш пен құжаттарды қабылдау күні өтініш берушінің алғашқы жүгінген күні болып есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жалғасады.

Құжаттар топтамасы талаптарға сәйкес келген жағдайда қалалық басқарма немесе жұмыспен қамту бөлімінің маманы оларды бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Бас тартуға негіз болған жағдайда өтініш берушімен тыңдау өткізілмейді.

Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы өтініш берушінің ұялы телефонына SMS хабарлама жібереді.

Қалалық басқарма немесе жұмыспен қамту бөлімінің маманынан хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету нәтижесін бір ай бойы сақтайды. Осы мерзім өткен соң құжаттар әрі қарай сақтау үшін қалалық басқармаларға немесе жұмыспен қамту бөлімдеріне беріледі.

Егер өтініш беруші бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша қалалық басқарма немесе жұмыспен қамту бөлімі дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға міндетті гигиеналық құралдар өтініш берген күннен бастап 365 күнге есептелген жылдық норма шегінде берілетіні нақтыланды.

Егер жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасында (ЖАОБ) қамтамасыз ету мерзімі бір жылдан аз уақытқа белгіленсе, құралдар нақты қамтамасыз ету кезеңіне пропорционалды түрде, бірақ белгіленген жылдық норма шегінде беріледі.

Мүгедектігі бар адамдарға міндетті гигиеналық құралдар бір жылға мынадай мөлшерде беріледі:

зәр және (немесе) нәжіс ұстай алмау жағдайындағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жаялықтар – 1 460 дана. Тоқсан сайын кемінде 360 дана беріледі; шалғай аудандарда (ауылдарда) тұратын мүгедектігі бар адамның қалауы бойынша жаялықтар жылына бір рет берілуі мүмкін.

Проактивті қызмет арқылы кресло-арбаны алу үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде қажетті мәліметтерді алу мақсатында цифрлық жүйелерге сұрау "Е-Собес" АЦЖ-дан автоматты түрде жіберіледі.

Протездік-ортопедиялық құралдарды ауыстыру мерзімдері де жаңартылды:

  • ортопедиялық аяқ киім – жылына бір рет маусымдық қажеттілікке қарай бір жұп жазғы және бір жұп қысқы ортопедиялық аяқ киім;
  • күрделі ортопедиялық аяқ киім (етіктен басқа) – жылына бір рет маусымдық қажеттілікке қарай бір жұп жазғы және бір жұп қысқы ортопедиялық аяқ киім;
  • аппаратқа немесе протезге арналған аяқ киім – жылына бір рет маусымдық қажеттілікке қарай бір жұп жазғы және бір жұп қысқы ортопедиялық аяқ киім.

Бұйрық 18 қазаннан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу тәртібі өзгергені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: