Камера жұмысындағы ақау: Абай облысында 172 жүргізушіге төлеген айыппұлдары кері қайтарылуда

Сурет: koleso.kz
Абай облысы, Аягөз ауданының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін камералардың жұмысында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аягөз қаласындағы көшелердің бірінде көлік қозғалысына рұқсат етілген жылдамдық сағатына 60 километр болғанына қарамастан, автоматты тіркеу кешенінің баптауларында шекті жылдамдық 40 км/сағат ретінде қате белгіленгені анықталды.

"Осының салдарынан 172 азамат әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз шығарылған қаулылардың барлығының күші жойылып, төленген айыппұлдарды қайтару жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі таңда көлік иелеріне 800 мың теңгеден астам қаражат қайтарылды. Қаражаттарды қайтару жұмыстары жалғасуда". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Абай облысының прокуратурасы азаматтарға әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту фактілері анықталған жағдайда, өз құқықтарын қалпына келтіру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе прокуратура органдарына жүгінуге құқылы екенін түсіндіреді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар