Полиция ескертуі: Жүргізушілерге "ақылы жолға қарызсың" деген жалған SMS-хабарламалар келуде

Сурет: Zakon.kz
Абай облысы полиция департаменті алаяқтардың жүргізушілерге "ақылы жолдар бойынша қарыздары бар" деген жалған SMS-хабарламалар жіберіп жатқанын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, хабарламалар ресми ұйымдардан емес, белгісіз нөмірлерден келеді:

"Ішінде күдікті сілтеме беріледі және ол арқылы "төлем жасау" немесе жеке деректерді енгізу талап етіледі. Бұл сілтемелердің "KazToll" немесе басқа ресми жол қызметтеріне ешқандай қатысы жоқ. Алаяқтар ресми сайттарға ұқсатып жасалған жалған сайттар арқылы банк картасының мәліметтерін, SMS-кодтарды және басқа да жеке ақпаратты алуға тырысады".

Ал ресми ұйымдар ешқашан белгісіз нөмірден SMS жіберіп, күдікті сілтеме арқылы бірден төлем жасауды талап етпейді. Мұндай хабарлама алған жағдайда:

"Қорытынды: белгісіз нөмір + күдікті сілтеме + "қарыз бар" деген хабарлама = 100% алаяқтық", деп хабарлайды Абай облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде түрлі қалаларды аралап, балаларды ұрлап кететін педофилдер тобы туралы хабарлама тарағаны, дегенмен Stopfake.kz сайты жазғандай, бұл жалған ақпарат интернетте 2012 жылдан бері жүргені хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды