Алматы облысында экс-шенді алаяқтық бабымен сотқа тартылуда

Сурет: Zakon.kz
Кеген ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденген бұрынғы мемлекеттік қызметшіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу нұсқасы бойынша, ол жер телімін алуға жәрдемдесемін деп кәсіпкерден 20 млн теңге алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады:

"Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бұрынғы бас маманы "К" сеніміне кіріп, өзінің лауазымдық жағдайына сүйене отырып, кәсіпкерлерге мемлекеттен жер учаскесін алуға жәрдемдесуге уәде бергені анықталды. Осылайша, ол кәсіпкерлерден жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатты иемденген".

Аталған факті бойынша Кеген ауданының прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының, 3-бөлігінің ,1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Қылмыстық істі тергеу Кеген ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

Бұған дейін халықаралық іздеудегі "атыраулық хакер" Түркияда ұсталып, елге депортацияланғаны хабарланған.

Алматы облысы
ҚР Бас прокуратурасы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін