Nергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілер арқылы шетелге туристік сапарлар ұйымдастыру жөнінде хабарландырулар жариялаған. Ол азаматтарды туристік қызметтер көрсету мүмкіндігі бар екеніне сендіріп, турларды, әуе билеттерін және қонақүйде тұру орындарын брондау үшін төлем ретінде ақшалай қаражат алған.
"Алайда алынған қаражатқа қарамастан, өзіне алған міндеттемелерін орындамаған. Туристік сапарлар ұйымдастырылмай, азаматтардың ақшалай қаражаттары күдіктінің жеке мақсаттарына пайдаланылған. Заңға қайшы әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге елеулі материалдық залал келтірілген", деп хабарлайды Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бұған дейін Алматы облысында экс-шенді алаяқтық бабымен сотқа тартылып жатқаны хабарланған.