БҚО-да арнайы операция барысында ірі көлемдегі мефедрон тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Арнайы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктіні жеке тінту барысында ішіне ұнтақ тәрізді зат салынған бес zip-пакет және екі телефон тәркіленді. Одан кейін күдікті пайдаланған жалдамалы пәтерге тінту жүргізілді.

"Нәтижесінде осыған ұқсас зат салынған үш полиэтилен пакет пен бір зип-пакет, пластик және алюминий ыдыстар, бес электронды таразы, көптеген zip-пакеттер, фольга, заттың ізі қалған үш шай қасық, 22 дана оқшаулағыш таспа (изолента), бір рет қолданылатын қолғаптар мен респираторлар тәркіленді. Сонымен қатар тінту барысында сары түсті оқшаулағыш таспаға оралған, ішінде ұқсас зат бар 75 орама анықталып, тәркіленді. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 483 граммды құрайтын мефедрон есірткі құралы екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың 2025 жылғы қараша айынан бастап есірткі құралдарын заңсыз өткізумен айналысқан интернет-дүкенде қоймашы ретінде заңсыз қызмет атқарғаны анықталды".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қоймашы – интернет арқылы ұйымдастырылатын есірткі саудасының негізгі буындарының бірі. Ол қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен есірткіні жасырын орындарға қалдыратын таратушылар арасындағы делдал қызметін атқарады. Оның міндетіне ірі көлемдегі есірткі партияларын қабылдау, сақтау және оларды кейіннен өткізу үшін бөліп тарату кіреді.

"Мұндай тұлғалардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу есірткіні жеткізу арналарына соққы беріп, интернет арқылы ұйымдастырылған заңсыз есірткі саудасының қызметін тоқтатуға мүмкіндік береді", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін батыс өңірлерге есірткі жүк тасымалдау қызметі арқылы сәлемдеме түрінде жеткізіліп отырғаны хабарланған.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қостанайда вагонның төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Алматыда ауыр жол апаты болды. Адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінді