Алматыда самокатқа мінген блогер айыппұл арқалады

Сурет: Zakon.kz
Алматыда полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған электрсамокат жүргізушісін анықтады. Инспектордың тоқтау туралы заңды талабына ол бағынбай, қозғалысын жалғастырып, оқиға орнынан бой тасалауға әрекеттенген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осылайша ол жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндірген. Алайда заң алдындағы жауапкершіліктен жалтару мүмкін болмады.

"Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар сот оны полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады", делінген 2026 жылғы 1 шілдедегі полиция хабарламасында.

Бұған дейін электрлі самокат жүргізушілеріне талап күшейтілетіні хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін