Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың маусым айында азамат Ю. Сортөбе ауылының ауруханасында дәрігердің қабылдауында болған кезінде медициналық қызметкерге құрметсіздік танытып, былапыт сөздер айтқан. Құқық бұзушының кінәсі хаттамамен, жәбірленуші мен куәлердің айғақтарымен расталды.
Сотта ер адам өз кінәсін мойындамады. Өз кезегінде жәбірленуші (дәрігер) Ю-ды кешірмейтінін айтып, оған қамаққа алу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Сот құқық бұзушылықтың бірінші рет жасалғанын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот қаулысымен Ю. ӘҚБтК 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.