Damumed пен МӘСҚ-ға байланысты былық-шылық: Астанадағы жекеменшік клиника басшысы сотталды

Сурет: Zakon.kz
Астанада жеке клиника басшысы 80 млн теңгеге жуық бюджет ақшасын жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 14 шілдеде Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі бұл ретте қаражатты жымқыру азаматтарды медициналық ұйымға тіркеу туралы мәліметтерді қолдан жасау арқылы жүргізілгенін нақтылады:

"Forte Clinic (Tumar)" ЖШС жеке клиникасының басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан (МӘСҚ) негізсіз қаржы алу мақсатында емханаға тіркелген азаматтар санын жасанды түрде көбейту схемасын ұйымдастырған. Бұл схеманы жүзеге асыру үшін ол "Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК қызметкерін тартқан. Ол қызметтік қолжетімділігін пайдаланып, жалған өтінімдерді заңсыз мақұлдап отырған".

Салдарынан қолданыстағы ережелер бойынша мұндай тәсіл тек жекелеген санаттағы азаматтарға ғана қолданылатынына қарамастан, 15 мыңнан астам адам жазбаша өтініштер негізінде емханаға тіркелген. Тексеру барысында басқа өңірлердің тұрғындарын, заңды өкілдерінің құжаттарынсыз кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ елден тыс жерге кеткен азаматтарды тіркеу фактілері анықталды.

"Сонымен қатар клиника басшысы "Damu Med" ақпараттық жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің аккаунттарын әкімшілік өкілдерінің телефон нөмірлеріне байланыстырып, олардың есептік жазбаларын бақылауға алған.Осы қолжетімділікті пайдалана отырып, заңсыз тіркелген азаматтарға медициналық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізіп, Қордан қаржы аударуға негіз қалыптастырған". ҚМА

Салдарынан мемлекетке келтірілген залал 79 млн теңгеден асты.

Сот үкімімен клиника басшысы 5 жылға, ал Денсаулық сақтауды дамыту орталығының қызметкері 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Үкім заңды күшіне енді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді