ШҚО-да кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған ер адам ұсталды

Қарасора, ШҚО, Ұлан ауданы, кір жуғыш машина, есірткі плантациясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 19:31 Сурет: видеодан алынды
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында полицейлер есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады. Таврическое ауылындағы жеке тұрғын үйден қолдан ұйымдастырылған есірткі плантациясы табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, 41 жастағы ауыл тұрғыны интернет арқылы қарасора тұқымдарын сатып алып, оларды өсірумен айналысқан. Есірткі өсімдіктерін күтіп-баптау үшін ол ескі кір жуғыш машинаны қолдан жасап, шағын жылыжай ретінде пайдаланған.

"Тінту барысында Шығыс Қазақстан облысы пролиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлан аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 34 түп қарасора өсімдігін, есірткі тұтынуға арналған құрылғыны, сондай-ақ гараждан кептірілген есірткі затының ірі көлемін тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктердің барлығы қарасора (каннабис) болып шыққан. Оның жасыл күйіндегі жалпы салмағы 50,94 граммды, ал кептірілген марихуананың салмағы 16 келіні құрады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Бұған дейін Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: