Қостанайда қарасора өсірген тұрғынның заңсыз әрекеті әшкереленді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 09:23 Фото: Zakon.kz
Қостанай облысында полицейлер есірткі құрамындағы өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 12 мамырында Қостанай облысының полиция департаментінің берген мәліметіне сай, жедел-іздестіру іс-шаралары аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Әулиекөл ауданы прокуратурасының үйлестіруімеy 44 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде тұрғынның ауласынан бес түп қарасора мен 3,56 грамм марихуана табылып, заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полицейлердің айтуынша, есірткі заттарын заңсыз өсіру мен тарату — қоғам үшін аса қауіпті әрекет, ол қолданыстағы заңнама аясында қатаң жазаланады.

Қостанай облысының полиция департаменті азаматтарды есірткімен байланысты заңсыз әрекеттерден аулақ болуға және мұндай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады. Аймақта есірткі қылмыстарын анықтау және алдын алу бағытында жоспарлы жұмыстар жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: