Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент тұрғынынан 30 келіге жуық қарасора тәркіленді

Абай ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақта рейд жүргізу кезінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру жайтын анықтады., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 10:59 Сурет: ҚР ІІМ
Абай ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақта рейд жүргізу кезінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру жайтын анықтады.

Жергілікті тұрғынның бақшасынан тәртіп сақшылары қарасора бұталарын тауып, тәркіледі. Тыйым салынған өсімдіктердің жалпы салмағы 30 келіге жуық.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар ол бұрын-соңды ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда жайт бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полицейлер есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекетке жол берілмеу қажеттігі туралы еске салады.

Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: