14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 20:55 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 14 шілдеде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с күтіледі. Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Отүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда 23 м/с. Көкшетауда күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Қонаевта күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 14 шілдеде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады кей уақытта екпіні 15-20 м/с

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: