7 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: unsplash
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жезқазған қ.: 07 шілдеде кей уақыттарда аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз қатты ыстық 35 градус.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Қонаевта күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 07 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-41 градус қатты ыстық күтіледі. Ақтауда солтүстіктен жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Ақтөбеде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысында 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.