Стадионға футбол тамашалауға барған елордалық үйіне айыппұл арқалап қайтты

Фото: Zakon.kz
Астанада ер адам футбол матчы кезінде әдепсіз әрекет жасағаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері футбол матчы кезінде ер адамның қоғамдық орында өзін әдепсіз ұстағаны бейнеленген видеоны анықтады.

"Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол – елорданың 28 жастағы тұрғыны. Матч барысында ер адам аяқ-киімін шешіп, аяғын алдындағы орындықтың арқалығына қойып, айналасындағыларға анық құрметсіздік танытқан. Оның бұл әрекеті өзге көрермендердің наразылығын туғызған. Қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық мінез-құлық нормаларын сақтауға, өзгелердің құқықтары мен жайлылығын құрметтеуге, сондай-ақ спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларда тәртіпті сақтауға шақырады. Әр адамның мәдениетті әрекеті – қауіпсіз әрі жайлы қоғам қалыптастырудың негізі.

Бұған дейін Абай облысында 20 жастағы қыздың денесі табылғанын жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін