Ұлттық қордың есептілікті орналастыру ережесі бекітілді

Фото: pixabay
Ұлттық экономика министрінің м. а. 2026 жылғы 17 шілдедегі бұйрығымен мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсында орналастыру қағидалары, сондай-ақ есептілікті орналастырудың тізбесі, нысандары мен кезеңділігі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қор мемлекеттік органдарға қажетті дұрыс және уақтылы ақпараттың Қордың интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен берілуін қамтамасыз етеді.

Қордың интернет-ресурсына осы Қағидаларға сәйкес орналастырылатын есептілік осы бұйрықпен бекітілген тізбеге, нысандарға және кезеңділікке сай мемлекеттік органдарға қажетті Қордың және (немесе) ұйымдардың қызметі туралы ақпаратты қамтитын цифрлық ресурстарды қамтиды.

Қордың интернет-ресурсына осы Қағидаларға сәйкес орналастырылатын цифрлық ресурстар қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады және құпия цифрлық ресурстар санатына жатады.

Қор Қордың интернет-ресурсына орналастырылған қолжетімділігі шектеулі цифрлық ресурстарды қорғаудың "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын қабылдайды.

Қордың интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған цифрық ресурстарды орналастыруға жол берілмейді.

Есептілік Қордың интернет-ресурсына қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады және:

Ұсынылатын ақпараттың өзектілігі осы бұйрықпен бекітілген кезеңділікке сәйкес Қордың интернет-ресурсына есептілікті орналастырумен (жаңартумен) қамтамасыз етіледі.

Қордың интернет-ресурсы есептілікті орналастырудың (жаңартудың) күні және уақыты туралы мәліметтерді қамтиды. Бұл ретте Қордың интернет-ресурсында бұрын (жаңартылғанға дейін) орналастырылған есептілік сақталады.

Есептіліктің архивтік деректері Қордың интернет-ресурсынан 5 (бес) жыл бойы алынып тасталмауға тиіс (жіберілген техникалық қателерді қоспағанда).

Есептілік Қордың интернет-ресурсына Excel форматында және басқа да жалпыға қолжетімді форматтарда орналастырылады.

Сондай-ақ мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсында орналастырудың тізбесі мен кезеңділігі және есептілік нысандары бекітілді.

Бұйрық 2026 жылғы 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты