Алакөлде қауіпті маневр жасаған гидроцикл жүргізушісі жауапқа тартылды

Сурет: pxhere
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің назарына әлеуметтік желіде тараған видео ілікті. Видеодан гидроскутер тізгіндеген азаматтың суда қауіпті маневрлер жасап, демалушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіргенін байқауға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, оқыс оқиға Көктұма ауылында болған. Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, гидроскутерді тізгіндеген азамат пен оның иесінің жеке басын анықтады. Бұл туралы 2026 жылғы 24 шілдеде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Гидроскутер иесі мен оны тізгіндеген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 582-бабының 2-бөлігі және 582-бабының 5-бөлігі бойынша жалпы үш әкімшілік хаттама толтырылды", делінген министрлік хабарламасында.

Енді құқық бұзушыларға ірі көлемде айыппұл салынбақ. Егер мұндай заңбұзушылық қайталанса, гидроскутер тәркіленуі мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігі шағын көлемді су көлігі иелеріне судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, су көлігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланудың маңыздылығын еске салады.

Қазіргі уақытта құтқарушылар мен полиция қызметкерлері Алакөлдегі қоғамдық тәртіпті бақылау жұмыстарын ары жалғастыруда. Патрульдеу жұмыстары жағалау аумағында ғана емес, көл акваториясында да жүргізілуде. Құқық бұзушылықтарды анықтауға бейнебақылау камералары көмектеседі. Олар түсірген бейнематериалдарды жедел түрде Жедел басқару орталығына жолдайды.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін