Жетісу облысында ер адам бір айда дүкеннен 600-ден астам шоколад ұрлаған

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Жаркенттте полицияға қаладағы сауда орталықтарының бірінің өкілі дүкеннен шоколадтардың жүйелі түрде жоғалып жатқанын хабарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау барысында қауіпсіздік қызметі бір ер адамның бірнеше апта бойы дүкенге келіп, шоколадтарды сөмкесі мен қалталарына салып, төлем жасамай шығып кететінін анықтаған.

Тексеру барысында күдіктінің үнемі бір тәсілмен әрекет еткені белгілі болды. Ол дүкенге кіріп, айналасындағылардың назарын бақылай отырып, шоколадтарды жеке заттарына салып, кассадан төлем жасамай шығып кеткен. Арада бірнеше минут өткен соң қайта оралып, осы әрекетін қайталаған. Кей күндері ол дүкенге 5-6 рет бас сұққан.

Бір ай ішінде сауда орталығынан барлығы 625 дана шоколад ұрланған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 530 мың теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Панфилов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаркент қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.


Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін