"Зорлаймын" деп қорқытқан". Ақтауда қызға күш қолданған ер адам сотталды

Фото: pexels
Ақтау тұрғыны теңіз жағалауында қызбен жанжалдасып, кейін ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде қызды мықтап ұстап алған ер адамның видеосы тарады. Видеодан қыздың қарсылық көрсетіп, агрессордың қолынан сытылып шығуға барынша тырысып жатқанын көруге болады. Жанжал кезінде агрессор жәбірленушіге "зорлап тастаймын" деп доқ көрсетеді. Оқиға куәгерлері жағдайға араласып, екеуін ажыратты.

Lada.kz басылымы Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына сілтеме жасай отырып, аталған оқиға 2 тамызда болғанын жазады. Ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, қызға агрессия көрсетті.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындады.

Құқық бұзушының кінәсі полиция қызметкерінің баянатымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, №9649 санды медициналық куәландыру қортындысымен және оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен толық дәлелденді.

Сот қаулысымен М. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Оралда біліктілік тестін сәтті тапсырудың құйтырқы тәсілін ойлап тапқан аурухана директоры сотталғанын жазғанбыз.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады