Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Фото: primeminister.kz
2026 жылғы тамызда ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер бірнеше кезеңмен күшіне енеді. Түзетулер үш заңмен көзделген және 2026 жылғы 4, 13 және 25 тамызда қолданысқа енгізіледі. Осы тақырып бойынша "Параграф" ақпараттық жүйесі арнайы материал дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, өзгерістер қызметкерлердің құқықтарына, еңбек шарттарын жасасу және тоқтату тәртібіне, тәртіптік жауапкершілікке, медициналық тексерулерден өтуге, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, жұмысқа қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге, кадрлық процестерді цифрландыруға, сондай-ақ қызметкерлер мен жұмыс берушілердің киберқауіпсіздік саласындағы міндеттеріне қатысты.

4 тамыздан бастап: қызметкерлердің құқықтары, жұмыстан босату, медициналық тексерулер және еңбекті қорғау

Өзгерістердің негізгі бөлігі 2026 жылғы 3 маусымдағы еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері жөніндегі заңда көзделген.

Қызметкердің ар-намысы, қадір-қасиеті және жеке өмірін қорғау

Еңбек заңнамасының негізгі қағидаттарының тізбесіне қызметкердің еңбек саласында өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуі және қорғалуы құқығын қамтамасыз ету енгізілді.

Сонымен қатар Еңбек кодексінің 22-бабы қызметкердің еңбек саласында жеке өміріне қол сұғылмауына, ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуі мен қорғалуына қатысты жаңа құқықпен толықтырылды.

Сондай-ақ жұмыс беруші актілері ұғымы кеңейтілді: бұйрықтармен, өкімдермен, нұсқаулықтармен, ережелермен, ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен және басқа да құжаттармен қатар еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты қатынастарды реттейтін өзге де актілер осы санатқа жатқызылды.

Еңбек шартын жасаудан бас тарту

Егер адам еңбек шартын жасау кезінде заңнамада кепілдіктер көзделген азаматтар санатына жататын болса, оның талабы бойынша жұмыс беруші жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Мерзімді еңбек шарты және қызметкердің сырқаттануы

Мерзімді еңбек шартын тоқтату тәртібі нақтыланды.

Егер соңғы жұмыс күні қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңіне немесе әлеуметтік демалыста болған уақытына сәйкес келсе, соңғы жұмыс күні аурухана парағы немесе әлеуметтік демалыс аяқталғаннан кейінгі күн болып есептеледі.

Осындай тәртіп заңды тұлғаның атқарушы органының басшысына да қолданылады. Сонымен қатар құрылтайшылар, меншік иелері немесе уәкілетті орган тиісті шешім қабылдағанға дейін мұндай басшымен еңбек шартын ұзарту талаптары нақтыланды.

Еңбек жағдайларын өзгерту

Еңбек кодексінің 46-бабының тұжырымы өзгертілді: еңбек жағдайларының өзгеретіні туралы жұмыс беруші қызметкерге жазбаша түрде – қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат арқылы хабарлауға міндетті.

Маусымдық қызметкерлер

Еңбек кодексінің 51-бабында негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты еңбек шартын тоқтату нормасы маусымдық жұмысты орындау кезеңіне жасалған шарттарға да қолданылмайтыны нақтыланды.

Материалдық жауапты қызметкерді жұмыстан босату

Материалдық жауапты адамдарды жұмыстан босату тәртібі едәуір нақтыланды.

Хабарлама мерзімі аяқталғаннан кейін қызметкер жалпы тәртіп бойынша жұмысты тоқтатуға құқылы. Ерекшелік ретінде материалдық жауапты адамның кінәсінен жұмыс берушінің мүлкі немесе құжаттары толық тапсырылмаған жағдай белгіленген.

Мұндай жағдайда еңбек шартының бұзылған күні мүлікті немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру аяқталған күн болып есептеледі. Бұл ретте жұмыс беруші хабарлама мерзімі ішінде мүлік пен құжаттарды тапсыруды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

Тәртіптік жазалар

Енді тәртіптік жаза түрін таңдаған кезде жұмыс беруші ескеруге міндетті:

Осылайша, Еңбек кодексінде тәртіптік шараны белгілеу кезінде ескерілетін өлшемшарттар нақты бекітілді.

Медициналық тексерулер және ауысым алдындағы медициналық куәландыру

Еңбек кодексінің 125-бабы жаңа редакцияда жазылды.

Заңнамаға, келісімге немесе ұжымдық шартқа сәйкес медициналық тексеруден өтуге міндетті қызметкерлердің медициналық тексеруден өткен кезеңінде жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.

Сондай-ақ ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту уақытының ақысы жеке реттелді. Қызметкердің міндетті ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуге жұмсаған уақыты ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленген мөлшерде, орташа күндік (сағаттық) жалақы есебінен төленуге тиіс.

13 тамыздан бастап: сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және цифрлық кадрлық процестер

Өзгерістердің келесі топтамасы 2026 жылғы 12 маусымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңмен көзделген.

Еңбек кодексінің еңбек шартын жасасуға тыйым салулар мен шектеулерді белгілейтін 26-бабы өзгереді.

Атап айтқанда, бұрынғы мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындаған өзге де адамдарға, егер олардың бұрынғы лауазымдық өкілеттіктері осы ұйымның қызметімен тікелей байланысты болса, басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымға коммерциялық ұйымға жұмысқа орналасуына қойылатын шектеу нақтыланады.

Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауға жол берілмейтін лауазымдардың тізбесі кеңейтіледі. Атап айтқанда, шектеулер Ұлттық банктегі, қаржы нарығын реттеу органындағы, авиация саласындағы, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясындағы жекелеген лауазымдарды қамтиды.

Сондай-ақ жұмысқа орналасқанға дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдарға да тиісті лауазымдарды атқаруға тыйым салу көзделеді. Жекелеген жағдайлар үшін заңда үш жылдық өтпелі кезең қарастырылған.

Осыған сәйкес жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарды ұсыну қағидаларына және еңбек шартын бұзу негіздеріне өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмысын немесе сыбайлас жемқорлыққа байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайлары ескеріледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер

Ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің еңбегінің ерекшеліктерін реттейтін Еңбек кодексінің ережелері енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмыскерлеріне де қолданылады.

Цифрлық кадрлық жүйе

Еңбек кодексі мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадрлық процестерін цифрлық кадрлық жүйеде реттейтін 12-1-тараумен толықтырылды.

Кадрлық процестерге жұмысқа қабылдауға, еңбек қызметіне, ауыстыруға, көтермелеуге, тәртіптік жауапкершілікке және еңбек қатынастарын тоқтатуға байланысты құжаттарды ресімдеу, жүргізу, есепке алу және сақтау, сондай-ақ үміткерлерді іріктеу және басқа да кадрлық рәсімдер жатқызылады.

Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бұл процестерді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен цифрлық кадрлық жүйеде жүргізуге міндетті.

Жүйеге қызметкер туралы мәліметтер және оны жұмысқа қабылдауға, еңбек қызметіне және еңбек қатынастарын тоқтатуға байланысты өзге де деректер енгізіледі. Сондай-ақ Қазақстан азаматтары болып табылатын қызметкердің жұбайының және жақын туыстарының ЖСН-ін, ал тиісті мәліметтер болған жағдайда қызметкер бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың БСН-і мен жеке кәсіпкерлердің ЖСН-ін енгізу көзделген.

Егер қызметкер тиісті ЖСН мен БСН/ЖСН-ді ұсына алмаса, жұмыс беруші мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында бұл мәліметтерді цифрлық жүйелерден ала алады. Алайда дәл осы норма 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Цифрлық кадрлық жүйенің толтырылуына мониторингті мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады, ал жүйе арқылы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

25 тамыздан бастап: киберқауіпсіздік бойынша жаңа талаптар

Өзгерістердің үшінші блогы 2026 жылғы 24 маусымдағы заңмен көзделген.

Өзгерістер Еңбек кодексінің 22 және 23-баптарына қатысты.

Қызметкер енді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын ғана емес, сондай-ақ киберқауіпсіздік талаптарын да сақтауға міндетті.

Өз кезегінде жұмыс беруші қызметкерлерді жұмыс беруші актілерінде белгіленген киберқауіпсіздік талаптарымен таныстыруға және олардың сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Осылайша, жұмыс берушілер жергілікті актілерін қайта қарап, қажет болған жағдайда оларға киберқауіпсіздік талаптарын енгізуі, сондай-ақ қызметкерлерді осы талаптармен таныстырып, олардың сақталуына ішкі бақылау ұйымдастыруы қажет.

Жұмыс берушілер нені ескеруі қажет

Тамыздағы өзгерістерге байланысты жұмыс берушілерге қолданылып жүрген хабарлама нысандарын, еңбек шарттарын тоқтату рәсімдерін, материалдық жауапты қызметкерлерді жұмыстан босату тәртібін, тәртіптік жауапкершілікке, медициналық тексерулерге және еңбекті қорғауға қатысты жергілікті құжаттарды қайта қараған жөн.

Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бұған қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулерді және цифрлық кадрлық жүйеде кадрлық процестерді жүргізуге қойылатын жаңа талаптарды ескеру қажет.

25 тамыздан бастап жұмыс берушілер қызметкерлерді киберқауіпсіздік талаптарымен таныстыру және олардың сақталуына ішкі бақылауды ұйымдастыру жөніндегі жаңа міндеттерді де ескеруге тиіс.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Алматыда жеке клиникада баланы сүндеттеген дәрігердің ісін арнайы комиссия қарамақ

ШҚО-да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды