Балқаш көліндегі әрекетімен көптің көзіне түскен алматылық темір тордың арғы жағынан бір-ақ шықты

Сурет: polisia.kz
Балқаш көліне көлігімен қойып кетіп, көпшіліктің наразылығына ілінген жүргізуші ақыры темір тордың арғы жағынан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық бұзушының суреті әлеуметтік желіде жарияланды.

"Балқаш суы таза, демалу үшін бағалары да қолайлы. Бірақ, неге екенін, бізде осындай адамдар жетерлік, олар өз балалары көлігінің кіріне бірге шомылатынын түсінбейтін сияқты. Полиция, назар аударуыңызды сұраймын", делінген оқиға куәгерінің жазбасында.

Сурет: Threads/gaukhara_km

Алматы облысының полициясы аталған оқиғаға қатысты былай түсініктеме берді:
"Threads әлеуметтік желісіндегі жарияланымға сәйкес Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының маңындағы Балқаш көлінің жағалауына автокөлікпен кірген дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Тексеру барысында Алматы қаласының тұрғыны, 32 жастағы Арыстанбек Әбу жағалауға көлікпен кіріп, сол уақытта азаматтар, оның ішінде балалар демалып, шомылып жатқан аумақта болғаны анықталды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен Арыстанбек Әбу бес тәулікке қамаққа алынды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды".

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және көпшілік демалатын орындарда белгіленген тәртіп талаптарын қатаң ұстануға шақырады.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін