Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

Сурет: pixabay
Түркістан облысы Сайрам аудандық соты жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол жүктілігін соңына дейін жасырып, босанғаннан кейін сәбиді шұңқырға тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта анықталғандай, 2025 жылдың сәуір айында Д. есімі белгісіз адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, жүкті болған. Әйел жүктілігін туыстарынан жасырып, медициналық есепке тұрмаған және тексеруден өтпеген.

2025 жылдың желтоқсанында Сайрам ауданында жүктіліктің тоғызыншы айында Д. өз үйінің ауласындағы дәретханада тірі бала босанған.

"Содан кейін ол жаңа туған шақалақты дәретхана шұңқырына тастаған. Ол сәбидің өмірін сақтап қалу үшін ешқандай әрекет жасамаған, керісінше баланың туу фактісін жасыру мақсатында ауладан құм, тас пен топырақты алып, шұңқырда жатқан нәрестенің үстіне төккен", деп хабарлайды Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі 2026 жылғы 14 тамызда.

Осылайша, Д. босану кезінде жаңа туған баласын өлтірген.

Сотта ол өз кінәсін толықтай мойындады. Прокурор оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

"Д. ҚР ҚК 100-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Түркістанда көпбалалы әкені таныстары өлтіріп кеткенін жазғанбыз.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды