Қазақстан азаматтарына шетелде паспорт беру тәртібі жаңартылды

Фото: gov4c.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы бұйрығымен шетелде жүрген Қазақстан азаматтарына паспорт дайындау үшін құжаттарды қабылдау және оларды жолдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қағидалар жаңа нұсқада жазылды.

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы шетелде жүрген мына санаттағы азаматтарға көрсетеді:

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі:

қызмет көрсетушінің "Тіркеу пункті – шетелдегі мекемелер үшін халықты құжаттандыру және тіркеу" (РП ДЗУ) цифрлық жүйесіне қолжетімділігі болған жағдайда – 40 жұмыс күні;

РП ДЗУ жүйесіне қолжетімділік болмаған жағдайда – 90 күнтізбелік күн.

Құжаттарды тапсыру үшін күтуге болатын ең ұзақ уақыт – 30 минут, ал азаматқа қызмет көрсету уақыты – 10 минуттан аспайды.

Қажетті құжаттардың барлығы тапсырылған жағдайда, қағаз түріндегі өтініштің қабылданғанын растайтын құжаттың көшірмесіне құжаттарды қабылдаған қызметкердің құжаттарды алған күні, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетілген белгі қойылады.

Азамат ұсынған құжаттар, оның ішінде түпнұсқалар да, қызмет көрсетуші тарапынан сақтауға қабылданбай, азаматтың өзіне қайтарылады. Бұған өтініш немесе құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы, стационарлық абоненттік құрылғы, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы немесе мемлекеттік органдар айқындаған басқа да цифрлық нысандар арқылы берілген жағдайлар кірмейді.

Егер құжаттардан қандай да бір кемшілік анықталса, азаматқа оны түзету үшін ақылға қонымды мерзім беріледі. Бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы уақытына қосылмайды және белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.

Кемшіліктер түзетілгеннен кейін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қайта басталады. Егер белгіленген уақытта кемшіліктер жойылмаса, қызмет көрсетуші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартып, бас тарту себептерін көрсетіп, азаматқа жауап жібереді.

Құжаттарда ешқандай бұзушылық анықталмаса, олар паспорт дайындалғаннан кейін екі күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жіберіледі.

Паспортты алғаш рет алатын, 14 жасқа толмаған және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жоқ азаматтарға қызмет көрсетуші құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде РП ДЗУ жүйесіне қажетті мәліметтерді енгізу арқылы ЖСН қалыптастыру рәсімін бастайды.

ҚР ІІМ қызмет көрсетушіден ЖСН қалыптастыру туралы электрондық өтінім түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде ЖСН қалыптастырады немесе оны қалыптастырудан бас тартады.

ЖСН қалыптастырылған жағдайда қызмет көрсетуші екі жұмыс күні ішінде өтініш беруші туралы мәліметтерді РП ДЗУ жүйесіне енгізіп, паспорт рәсімдеуге электрондық өтінім жібереді.

Егер ЖСН-ды РП ДЗУ арқылы қалыптастыру мүмкін болмаса, қызмет көрсетуші құжаттарды қағаз түрінде әзірлеп, ілеспе хатпен ҚР ІІМ мен ҚР СІМ-ге жібереді.

РП ДЗУ жүйесіне қолжетімділік болмаған жағдайда, қызмет көрсетуші құжаттар тапсырылған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде оларды рәсімдеп, ҚР ІІМ мен ҚР СІМ-ге жолдау үшін ілеспе хат дайындайды.

Қызмет көрсетуші құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі күнтізбелік күн ішінде оларды қалыптастырып, дипломатиялық пошта арқылы ҚР СІМ-ге жөнелтуге дайындайды. ҚР СІМ-ге түскен құжаттар 23 күнтізбелік күн ішінде ҚР ІІМ-ге жіберіледі.

ҚР ІІМ құжаттар топтамасын 30 күнтізбелік күн ішінде тексеріп, паспортты дайындайды және оны ҚР СІМ-ге жолдайды.

ҚР ІІМ-нен ҚР СІМ-ге келген дайын құжаттар 25 күнтізбелік күн ішінде қызмет көрсетушіге қайта жіберіледі.

Қызмет көрсетуші құжаттар келгеннен кейін бес күнтізбелік күн ішінде азаматқа мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайын болғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан азаматының паспорты азаматтың өзі немесе оның заңды өкілі жеке келген кезде қолма-қол беріледі.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді