ҰҚК қызметкерлеріне берілетін төлем тәртібі жаңарды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 2026 жылғы 27 тамызда ҰҚК әскери қызметшілеріне Қазақстан аумағында жеке мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақшалай төлем жасау қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңартылған ережелер Қазақстан азаматтығын тоқтатуға, теріс себептерге немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкессіздікке байланысты мерзімді әскери қызметтен босатылғандарды қоспағанда, әскери қызметтен босатылған Қазақстан азаматтарына да қолданылады. Олар Қазақстан аумағында жеке мүлкін тасымалдаған жағдайда төлем ала алады.

Әскери қызметшілер мен әскери қызметтен босатылған Қазақстан азаматтары жаңа қызмет орнына ауысқан немесе басқа елді мекенде әскери есепке тұрған кезде жеке мүлкін тасымалдау үшін төлем алу мақсатында тасымалдау бағытын көрсете отырып, еркін нысанда рапорт немесе өтініш береді.

Рапортқа (өтінішке) жұбайының жұмыс орнынан анықтама қоса беріледі. Егер жұбайы әскери қызметші, арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының немесе азаматтық қорғау органдарының қызметкері болса, анықтамада жеке мүлікті тасымалдау үшін өтемақы алғаны немесе алмағаны туралы мәлімет көрсетілуі тиіс.

Рапортты әскери қызметші жаңа қызмет орнына келгеннен кейін немесе мекеме тізімінен шығарылған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде тиісті лауазымды тұлғаның атына беруі керек:

Рапорт тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей төлемді ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілген мәліметтерді тексереді.

Егер рапортта көрсетілген тасымалдау бағыты елді мекендердің нақты орналасуына сәйкес келмесе, құжат толықтыру үшін өтініш берушіге қайтарылады. Өтініш беруші оны 10 жұмыс күні ішінде қайта тапсыруы тиіс. Бұл ретте рапорт бастапқы тіркелген күні берілген болып есептеледі.

Рапорт негізінде құрылымдық бөлімше төлем мөлшерін анықтап, жеке мүлікті Қазақстан аумағында тасымалдағаны үшін ақшалай төлем жасау туралы бұйрық жобасын әзірлейді.

Бұйрық шыққаннан кейін оның өзі немесе үзінді көшірмесі төлем жүргізу үшін қаржы бөлімшесіне жіберіледі.

Қаржы бөлімшесі төлемді:

Әскери қызметшіге немесе әскери қызметтен босатылған Қазақстан азаматына тиесілі, бірақ төленбеген не толық көлемде төленбеген мүлік тасымалдау төлемі талап қоюдың жалпы мерзімі шегінде төленуге тиіс.

Қаулы 2026 жылғы 11 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды

Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Өлі адамнан ақша жасау". Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты

Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсыру: бұл ретте ел азаматтары не білуі керек

Алматы тауларынан қауіпті зат табылды