Алматыда күдік тудырған көлікті тексеру кезінде күмәнді сөмке табылды
Сурет: pixabay
Алматының Түрксіб ауданында Бөкейханов көшесімен келе жатқан көлік патрульдік полицияның назарын аударды. Жүргізушінің әрекеті күдік тудырған соң, полицейлер көліктегі ер адамдарды тексеруге шешім қабылдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру кезінде олардың бірі сөмкеден жеке заттарын шығара бастаған. Сол сәтте жерге ішінде есірткі болуы мүмкін бірнеше кішкентай орама жерге түскен.
"Жүргізуші мен жолаушы сөмке өздеріне тиесілі емес екенін, оны бірге келе жатқан танысы көлікте ұмытып кеткенін айтқан. Бұл нұсқа да тексеріледі. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Табылған шағын орамалар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Қазір оқиғаның мән-жайы мен ішіндегі заттардың кімге тиесілі екені анықталып жатыр". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Алматы тауларынан қауіпті зат табылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript