"Ішінде не барын бізге айтпайды". Алматыда есірткі тасымалдаған курьер полициядан бір-ақ шықты

Курьер, полиция, есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 17:27 Сурет: polisia.kz
Түрксіб ауданындағы тұрғын үйлердің біріне курьер тапсырыс жеткізген. Оның әрекеті патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аударған. Полицейлер курьердің соңынан еріп, жеткізуге қатысты мән-жайды тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 23 қыркүйекте қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеру барысында курьер тұрғын үйдің біріне барған. Үйде болған ер адам алдын ала анықталғандай, тапсырысты жеке пайдалану үшін күтіп тұрған.

"Үйді тексеру кезінде полиция қызметкерлері есірткіге ұқсас затты анықтады. Курьер сәлемдеменің ішінде не бар екенін білмегенін түсіндірді. Ал үйде болған ер адам тапсырыстың өзіне тиесілі екенін мойындады. Екі азамат та аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда осы факті бойынша тексеру жүргізілуде. Заттың қайдан алынғаны, оны сатып алу мән-жайы және әр азаматтың бұл іске қатысы анықталуда. Барлық қатысы бар тұлғалардың әрекетіне заң аясында баға беріледі", делінген хабарламада.

Полиция курьерлерге күмәнді тапсырыстарды қабылдамауды, ішіндегі заттың не екенін білмейтін сәлемдемелерді тасымалдамауды ескертеді. Мұндай жеткізу қызметі құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.

Айта кетсек, биыл жаңа оқу жылы басталғалы есірткі қылмысы бойынша 69 жасөспірім ұсталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: