Астанада қоғамдық орында жалаңаш күйінде "концерт" қойған ер адам түрмеге қамалды

Түрме, Астана, қоғамдық орын, жалаңаш, ер адам, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2026 15:48 Сурет: pxhere
Астанада сот жалаңаш күйінде қоғамдық орында "концерт" қойған ер адамды жазалады. Адамгершілік пен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін құқық бұзушы қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық резонанс тудырған іс 2026 жылғы 17 қазанда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Қ. қоғамдық орында бөгде адамдардың көзінше жалаңаш күйде жүрген. Осылайша, ол қоғамдық нормалары мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға анық құрметтемеушілік танытқан, азаматтардың ар-намысы мен тыныштығына нұқсан келтіретін жағдай туғызған.

"Сот отырысында Қ. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді. Құқық бұзушылық фактісі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, Қ.-ның түсініктемелерімен және оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталды", делінген сот хабарламасында.

Сот Қ-ны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.

Сот жазаны тағайындау кезінде қоғамға теріс ықпал ететін, қоғамды құрметтемеушілікті білдіретін және әдепсіз мінез-құлықпен көрініс тапқан әрекеттің сипатын, сондай-ақ әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасаған адамды заң талаптарын сақтауға және құқықтық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу, жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсаттарын назарға алды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Астанада тұрғын үй кешенінде лаң салған жартылай жалаңаш ер адам видеоға түсіп қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: