Теміртауда мас күйінде көлік жүргізген ер адам 20 тәулікке қамалды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 09:13 Фото: Zakon.kz
Теміртауда көлік жүргізу құқығы жоқ 37 жастағы ер адам мас күйінде рөлге отырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот қаулысымен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Теміртау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында Абай көшесінде жол қозғалысы ережесін бұзған Mercedes автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде болған 37 жастағы қала тұрғынынан алкогольдің өткір иісі сезілген.

Медициналық сараптама оның көлікті мас күйінде басқарғанын растады. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені де анықталды. Осыған байланысты оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Теміртау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Әсет Бұланбанбаевтың айтуынша, мас күйінде көлік басқарудың алдын алу мақсатында қала аумағында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

"Мас күйінде көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін өрескел құқық бұзушылық. Полиция бұл бағыттағы бақылауды күшейтіп, алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Жыл басынан бері жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 68 мас жүргізуші анықталды", – деді Әсет Бұланбанбаев.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік басқару кезінде жауапкершілікті бірінші орынға қоюға шақырады. Алкоголь ішкен жағдайда көлік тізгініне отырмай, қауіпсіз балама таңдаған жөн. Өз өміріңізбен қатар, жолдағы басқа адамдардың қауіпсіздігі де жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: