Астанада алты баланың әкесі клуб маңындағы әдепсіз қылығы үшін жазаланды

Астанада алты баланың әкесі клуб маңындағы әдепсіз қылығы үшін жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2025 21:50 Сурет: freepik
Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2025 жылғы 9 тамызда қаладағы клубтардың бірінің жанында әйелге қатысты әдепсіз әрекет жасаған азамат К.-нің ісін қарады. Бұл туралы сот 2025 жылғы 13 тамызда Telegram-арнасында мәлімдеді.

Оның әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша сараланды. Сотта ер адам кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді және жазаны жеңілдетуді сұрады, алты баласы бар екенін алға тартты. Жәбірленуші оқиға мән-жайын растады.

Барлық жағдайды ескере отырып, сот жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында 5 тәулік әкімшілік қамау тағайындау қажет деген шешімге келді. ӘҚБтК-нің 50-бабы 2-бөлігінде көрсетілген, бұл жазаны қолдануға кедергі болатын мән-жайлар анықталған жоқ.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: