"Әбден тепкілеген". Тұрғын үй шлагбаумын бүлдірген елордалық жауапкершілікке тартылды

Сурет: Zakon.kz
Астанада Бауыржан Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында шлагбаумды бүлдіру фактісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері 20 жастағы азаматтың аулада орнатылған шлагбаумды қасақана бүлдіргенін анықтады.

"Жас жігіт құрылғыны бірнеше рет аяғымен теуіп, салдарынан шлагбаумды толықтай істен шығарып, материалдық залал келтірген. Осылайша қала тұрғыны заң аясында жауапқа тартылды", делінген хабарламада.

Жыл басынан бері елордада полицейлер өзгенің мүлкін қасақана бүлдірудің 120-дан астам фактісін анықтады. Әрбір факті бойынша тиісті шара қабылданды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды